Қоғам

Астанада жолаушылардың 51%-ы жолақысын төлемейді

Астанада жолаушылардың 51%-ы қоғамдық көлікте жолақы төлемейді. Бұл туралы №1 Автобус паркінің басшысы Медет Шақаев мәлімдеді.

Астанада жолаушылардың 51%-ы жолақысын төлемейді

Оның айтуынша, қазір Астанада 400 автобус жетіспейді. Биыл жыл аяғына дейін компания 320 жаңа Youtong автобусын сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылар 80 автобус алады.

— Автобустардың орташа жарамдылық мерзімі 6-9 жыл. Астана қаласының тасымалдау ережесі бойынша автобустардың қолданылу мерзімі 14 жылдан аспауы қажет. Осыған байланысты маршруттарды жаңғырту шеңберінде биыл «№1 Автобус паркі» жаңа 320 автобусты алуды жоспарлап отыр. Ал 2024 жылы 100 автобус сатып алынбақ, — деді Медет Шақаев.

Сондай-ақ ол елорда тұрғындарының көбі жол ақысын төлемейтінін айтты.

— Соңғы CTS деректері валидацияның ұлғаюы ең аз екенін көрсетті, яғни 51%. Бұл – жолаушылардың кемінде 51 пайызы жолақы төлемейді деген сөз. Ал бұл дегеніміз – біздің шығынымыз, жалақымыз, уақытында сатып алған жанар-жағармайдың қосалқы бөлшектері.

Елорда тұрғындарынан жол ақысын төлеу қажеттігін өтінемін. 100 адам тасымалдайтын болсақ, 51 адам жол ақысын төлемейді, — деді Медет Шақаев.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз