Қоғам

Астанадағы LRT-ға жаңа атау беріледі

Бұл бастама қалалық мәслихат отырысында талқыланды.

LRT

Тұрғындар тарапынан «Сұңқар», «Лашын», «Аспан» және «Тарлан» секілді бірнеше атау ұсынылған.

Нәтижесінде комиссия «Тарлан – Астана» атауын таңдады.

Қала билігінің түсіндіруінше, әлемнің көптеген елінде қоғамдық көлік жүйелеріне қаланың мәдениеті мен ерекшелігін айқындайтын қысқа әрі есте сақталатын атаулар беріледі. Ал LRT атауы көлік жүйесінің техникалық сипаттамасын ғана білдіреді.

Мамандардың пікірінше, жаңа атау елорданың көлік жүйесін бренд ретінде дамытуға және тұрғындар мен туристер үшін оны танымал етуге ықпал етеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз