Саясат

Атамбаев: Халыққа еш уақытта оқ атпаңдар!

Тамыздың 7-сі күнікешке Кой-Ташта Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек АТАМБАЕВТЫ ұстауоперациясы кезінде 52 адам жараланып, арнайы жасақтың бір сарбазы қаза тапты.

Атамбаев: Халыққа еш уақытта оқ атпаңдар!

Арнайы жасақ пен Атамбаевтың жақтастары арасындағы текетірес бірнеше сағатқасозылды, арнайы жасақ Атамбаевты ұстай алмаған күйі кері қайтты.

Кой-Таштағы оқиғаданкейін «Апрель» телеарнасы А.Атамбаевтың видеомәлімдемесін таратты.

" Мені ұстауоперациясы кезінде жазықсыз адамдар зардап шекті. Өйткені мені ұстауға«Альфа» антитеррористік жасағы жіберілді. Біз ешқандай террорист емеспіз.Көп адам Кой-Таштағы үйге менімен суретке түсу үшін ғана келген. Ал арнайыжасақ резеңке оқпен ғана емес, әскери оқпен мұздай қаруланып келді. Адамдар арнайыжасақты ығыстырып шығарған соң, оларды басынан сипай қоймағаны түсінікті.Арнайы жасақ сарбаздарының арасында да зардап шеккендер бар… Билік халыққа оқататын жағдайға жетті. Бұл барып тұрған бассыздық. Билік Қырғызстан халқы біреудің айтағымен жүретін малемес, қырғыздар үшін ар-намыс қымбат екенін ұмытпауы керек. Күштік құрылымөкілдеріне айтарым, еш уақытта халыққа оқ атпаңдар. Оның арты жақсы болмайды",­– деді Атамбаев видеомәлімдемеде.

Сондай-ақ бүгін,тамыздың 8-і күні А.Атамбаев Кой-Таштағы жақтастарының алдына шығып мәлімдемежасады. Экс-президент текетірес кезінде арнайы жасақ сарбаздары кепілге алынғанынрастап, оларды босатуды ұсынды. Атамбаев қанша сарбаздың кепілге алынғанын ашыпайтпады, бірақ қырғызстандық ақпарат құралдарының мәліметінше, кемінде 6 сарбазкепілге алынған.

«Кепілгеалынғандардың арасында ауыр жараланғандар болды, оларды бірден қалағажөнелттік. Осында қалғандарды да қалаға жіберу керек. Олар да біреудіңбалалары», ­– деді Атамбаев.

Атамбаев өзі менжақтастары 8 тамыздан бастап парламент пен президент әкімшілігінің алдындамерзімсіз наразылық акциясын бастайтынын мәлімдеді.

Қырғызстанпрезиденті Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВ арнайы жасаққа қарсылық көрсеткен Атамбаев ел конституциясымен заңдарын аяқасты еткенін мәлімдеді.

Қырғызстанның баспрокуратурасы Кой-Таштағы оқиғадан кейін «жаппай тәртіпіздік» және«бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Атамбаевқа қызметбабын асыра пайдаланды, жемқорлыққа жол берді тәрізді бес айып тағылған. Бұғандейін Қырғызстан парламенті Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды. Алішкі істер министрлігі оны бірнеше мәрте тергеуге жауап беруге шақырған. АлайдаАтамбаев тергеуге жауап беруге бармады.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз