Әлеумет

Атырауда қала әкімін ҰҚК қызметкерлері тергеген

1 маусым күні  Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкінді облыс әкімдігі ғимаратынан, жиын басталар алдында алып кеткен.

Шакир Кейкинді

Дереккөздердің мәліметінше, шенеунік қылмыстық іс аясында жауап алуға жеткізілген. Алайда тергеудің мән-жайы мен әкімнің процессуалдық мәртебесі әзірге белгісіз.

Бұған дейін, кеше Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Материал жарияланған сәтте ҰҚК департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Атырау облысы әкімдігі тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

"Ақ Жайық" дереккөздерінің хабарлауынша, жауап алу аяқталғаннан кейін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін үйіне жіберілген.

Оның процессуалдық мәртебесі мен жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Тегтер: Атырау
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз