Қоғам

Атырауда жеке үйлердің бірінде газ жарылысынан зардап шеккендердің бірі қаза болды

Атырауда жеке үйлердің бірінде тұрмыстық газ жарылуы салдарынан 59 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Атырау

«Қалған төрт зардап шегушінің, оның ішінде екі баланың жағдайы әлі ауыр деп бағалануда. Олар жансақтау бөлімінде жатыр», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға 2 қаңтарда болған. Жеке үйде газ жарылып, қабырға опырылып, өрт шыққан. Бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілді. Олардың ішінде 59 жастағы ер адам, оның 22 жастағы келіні және ең кішісі үш айлық болған екі баласы болған. 

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз