Қоғам

Атырауда жүкті әйелді күйеуі ұрып, ауруханаға түскен

Атырау облысының Индер ауданында төртінші баласына жүкті әйел күйеуінің соққысынан кейін ауруханаға жеткізілді. 32 жастағы үш баланың анасы жүктілігінің кезінде жолдасының зорлық-зомбылығына ұшыраған.

зорлық

Жәбірленушінің айтуынша, күйеуі бұған дейін де оған бірнеше рет қол көтерген. Бұл жолы әйел соққыдан кейін көршісінің үйіне қашып барып, көмек сұраған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Оқиғаға қатысты журналист Жанат Жақсыбайқызы да пікір білдірді. Оның айтуынша, жәбірленушіге полиция қызметкері келіп, ажыраспауға кеңес берген. Журналист бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, істің жан-жақты әрі қатаң тергелуін талап етті.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция істің өзге мән-жайларын тергеу мүддесіне байланысты жарияламады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз