Қоғам

Атырауда автосалон менеджері 118 млн теңгені жымқырып, шетелге қашып кеткен

Грузия астанасы Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

жемқорлық

Ведомство мәліметінше, 39 жастағы күдікті 5 мамыр күні Қазақстан құқық қорғау органдарының сұрауы негізінде ұсталған. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам Атыраудағы автосалондардың бірінде сату менеджері болып жұмыс істеген. Ол клиенттерден көлік жеткізіп беремін деген уәдемен ақшаны тікелей қабылдап отырған.

Полиция деректеріне қарағанда, 2022 жылдың тамыз айында күдікті екі автокөлік үшін сатып алушыдан 37 миллион теңге алып, міндеттемесін орындамаған. Кейін 2023 жылдың ақпанында осыған ұқсас тәсілмен тағы екі азаматтың 81 миллион теңгесін иемденді деген күдікке ілінген.

Осылайша, келтірілген жалпы шығын көлемі 118 миллион теңгені құраған. Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға қайтару рәсімі жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз