Қоғам

Атыраудағы бір отбасының қазасы: Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды

Атырауда Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды.

Сұлтан Сәрсемәлиев

Іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралып жатыр. Айыпталушы сотқа тергеу изоляторынан жеткізілген. Ол биыл наурыз айынан бері қамауда отыр.

Тергеу барысында Сәрсемалиев бірнеше рет тергеу әрекеттеріне қатысу үшін изолятордан шығарылған. Алдымен ол Мұнайшы ықшамауданында тергеу нұсқасы бойынша Мирамгүлдің денесі көмілген орынды көрсеткен. Кейін күдікті қылмыс жасалды делінген Жангелдин ауылы аумағына да апарылған.

Істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр. Ол бұған дейін де аса ауыр қылмыстарға қатысты бірнеше резонансты істі жүргізген.

Сұлтан Сәрсемалиевке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша, яғни «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» айыбы тағылған. Сонымен қатар оған 188-бап («ұрлық») және 190-бап («алаяқтық») бойынша қосымша айыптар тағылып отыр.

Тергеу мәліметіне сәйкес, негізгі күдікті ретінде танылған 29 жастағы Сәрсемалиев әйелі Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге шетелге қашып кеткен. Кейін екеуі Индонезиядағы Сенару ауылында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазір сот процесі жалғасып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз