Live

Атыраудағы колонияда адам өлімінен кейін 12 қызметкер жазаланып, мекеме басшысы қызметінен алынды

Атыраудағы колонияда сотталған адамның өлімінен кейін 12 қызметкер жазаланып, мекеме басшысы қызметінен алынды.

қылмыс

Атыраудағы колонияда сотталған адамның қаза болуына байланысты 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мекеме басшысы қызметінен босатылды.

ҚР ІІМ ҚАЖК-нің «№15 мекеме» РММ мәліметінше, қызметтік тексеріс барысында персонал жұмысына қатысты бірқатар заңбұзушылық анықталған.

Жаза түрлері ретінде алты қызметкерге қатаң сөгіс, біріне сөгіс, тағы біріне толық қызметтік сәйкессіздік туралы ескерту берілген.

Еске салайық, оқиға 2026 жылғы 22 наурызда болған. 52 жастағы сотталған адам камераластары арасындағы жанжалдан кейін көз жұмған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚК 370-бабы 4-бөлігі (қызметтік әрекетсіздік) бойынша бөлек тергеу жүргізілуде.

Бұған дейін прокуратура колонияның жедел-режимдік жұмысында заңбұзушылықтар бар екенін мәлімдеп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Тегтер: Атырау
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз