Әлеумет

«Атыраудағы отбасы өлімі»: Ақбаян Мұқанғалиева қылмыс бойынша сотқа тартылмайды

Атырау облысының прокуратурасы отбасы мүшелерінің өліміне қатысты іс бойынша қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінген Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатты.

Ақбаян Мұқанғалиева

Тергеу мәліметінше, оның әрекеттерінде Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша қылмыс құрамы анықталмаған.

Еске салайық, 2025 жылдың соңында Атырау облысының Жангелдин ауылында Ақбаянның ата-анасы, ағасы мен әпкесі қатыгездікпен өлтірілген болатын. Бұл іс бойынша айыпталушы – оның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев.

Индонезиядан экстрадицияланғаннан кейін Ақбаян Атырау мен Алматыда бірнеше сот-психиатриялық сараптамадан өтті. Сарапшылар оның психикалық жағдайына бірден нақты қорытынды шығара алмағандықтан, қосымша тексеру жүргізілген. Қазір ол Атырауда ем қабылдап жатыр.

Ақбаян мен Сұлтанның бес кәмелетке толмаған баласы бар. Әйелдің айтуынша, ол кенже баласының дүниеге келгенін де есіне түсіре алмайды.

Прокуратура қылмыстық істің тоқтатылуы психиатриялық сараптама қорытындыларымен байланысты ма, жоқ па – бұл туралы нақты ақпарат берген жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз