Әлеумет

Атырауда теміржол вокзалын жөндеп жатқан жұмысшы биіктен құлап кетті

Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары кезінде 42 жастағы жұмысшы бес метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды.

Жедел жәрдем

Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізіліп, нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайына байланысты ота жасауы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" басшылығы осы нысанда еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмай отырғанын айтып, құрылыс жұмыстарының ұйымдастырылуына сын айтқан болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз