Әлеумет

Министрлік туыстарының үйі мен көлігін өз атына рәсімдегендерге ескерту жасады

Туыстарына тиесілі пәтер мен көлікті құжат жүзінде өз атына рәсімдеген азаматтардың отбасы әл-ауқатын бағалау кезінде бұл мүлік те есепке алынуы мүмкін.

несие

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ескертті.

Министрлік мәліметінше, ақпараттық жүйелер мүлікке қатысты деректерді автоматты түрде анықтайды. Сондықтан басқа адамға тиесілі баспана немесе көлік азаматтың атына тіркелсе, ол отбасының әлеуметтік жағдайын бағалауға және әлеуметтік көмек тағайындауға әсер етуі мүмкін.

Мұндай жағдайдың алдын алу үшін мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтерді нақтылау қажет. Ол үшін азаматтар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне немесе жергілікті әкімдікке жүгіне алады. Сондай-ақ электрондық қызметтерді пайдалануға болады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз