Саясат

Аудан әкімі Тоқаевтың жазасынан құтылып кетті

Президент Тоқаевтың тапсырмасы және Жаңаарқа ауданыныңәкімі. Аудан басшысы қатаң сөгіспен құтылды.

Аудан әкімі Тоқаевтың жазасынан құтылып кетті

Орынбасары парамен ұсталған Жаңаарқа ауданының әкіміЮржан БЕКҚОЖИН өз орнында қала береді. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

2019 жылдың қазан айының 7 күні  Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданыәкімінің бірінші орынбасары Бауыржан СЕРІКОВКЕ қатысты сот үкімі шыққанболатын. 200 мың теңге көлемінде пара алған экс-шененунік 6 млн теңге көліміндеайыппұл төлеуге міндеттелген. Және мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйымсалынған.

Сол кезде Жаңаарқаныңәкімі отставкаға кете ме? атты мақаламыз сайттажарияланған еді. Өйткені 2019жылдың 20 мамыр күні президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ төрағалығымен жемқорлыққақарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиында мемлекет басшысы  жемқорлықбойынша қол астындағы қызметкерлердің қылмыстық әрекеті үшін біріншібасшылардың жауапты болатынын айтқан-ды.

«ЖасАЛАШ»осыған орай Жаңаарқа ауданы әкімдігі мен Қарағанды облысы әкімдігінересми сауал жіберген ек. Ондағымыз президент Тоқаевтың тапсырмасының орындалу,орындалмауын анықтау еді. Алайда, қос әкімдіктен де жауап кешуілдей берді. Ақырыбір айдан соң Жаңаарқадан жауап берді.

«Бұл сауал бойыншахабарлайтынымыз, облыс әкімінің өкімімен Жаңаарқа ауданының әкімі ЮржанБекқожинға қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды», — деген қысқа жауапберілді.

Фото: kelisim.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз