Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:35, 06 Қараша 2023

Аудандар мен қала әкімдерін сайлау қорытындылары белгілі болды

сайлау
Фото: из открытых источников

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлады Zhasalash.kz.

5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтті. Облыстық мәслихаттар өз өкілеттіктеріне сәйкес осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қаланың тізімін бекітті.

Оған 1553 сайлау комиссиясы қатысты: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді.

Дауыс берушілер 62,79 пайызды құрады.

Сайланған әкімдердің орташа жасы – 46,7 жас.

Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды кандидаттардың 8500-ге жуық сенімді өкілі, байқаушылар мен Қазақстан Республикасының БАҚ өкілдері жүргізді.

17 өңірдегі сайлау қорытындылары бойынша сайланған әкімдердің тізімін Орталық сайлау комиссиясының сайтынан көре аласыздар.