Ауылдағы ұрыға Сапарбаевтың қандай қатысы бар?
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданында мал ұрлығы көбейді деп мазасы қашқан тұрғындар «Жас АЛАШ»редакциясына хабарласты.
Жақында ұрыларды «полицей емес, өзіміз қылмысүстінде қолға түсірдік» деген аудан тұрғыны Мәжит ҮСЕНОВ күдіктінің бірі вице-премьерБердібек САПАРБАЕВТЫҢ руласы екенін айтады. «Сол себеп болып, енді ұрылар соттан жазасыз қала ма деп уайымдапжүрміз», — дейді тұрғын.
«Жас АЛАШ»тілшісіне шағымын айтқан тұрғын,ұрылардың біраздан бері ұстатпай әуреге салғанын айтады. Айтуынша полицейлер деоларды құрықтауға құлықсыз болды ма әйтеуір соңғы сәттерде ауданда мал ұрлығы көбейіп кеткен екен. Ақыры ауданорталғының маңындағы жайылымда жүрген түліктерді ұрлап бара жатқан жерінен екіжігітті тұрғындар ұстапты. Ұрылар алыстан емес екен. Бірі ауданға қарастыКейден ауылында, бірі Жаңақорғанның өзінде тұратын көрінеді.
«Бұрын «ұры қараша» дейтін едік, қазір «ұлы қараша» болдығой. Ұсталған жігіттің бірінің руы қараша, Сапарбаевтың руласы. Сапарбаевтыңтуысы болса, не ұрлай бере ме екен? Соның атын жамылып жүргендер ғой»,-дейдіМәжит Үсенов.
Бүгінде тұрғындарұстап, полицейге тапсырған қос күдікті тергеліп жатқан көрінеді. Ұрылардан жапашеккендер осы іс сотқа жеткеннің өзінде, әділ жаза боларына да сеніңкіремейотыр.
Тұрғын жыл басынанаудан орталығында 30-40 адамның малы ұрланды дейді.
Фото: zhasalash.kz