Қоғам

Аягөзде үй өртеніп, бір үйдің төрт баласы қаза тапты

Аягөзде жер үй өртеніп, бір үйдің төрт баласы қаза тапты, деп хабарлайды zhasalash.kz.

оала

Оқиға кеше сағат 11:00 шамасында болған. Өрт сөндірушілер үй ішінен 8 жастағы егіздер мен олардың 3 және 2 жастағы бауырларының денесін тапты.

БАҚ-тың дерегінше, оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста, ал анасы базарда болған.

Әкімдік отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Өрттің нақты неден болғаны белгісіз.

Тегтер: өрт Аягөз
Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз