Айдос Сарым Құрылтай депутаттарының жалақысы жайлы: «Әйелімді Базарбек сияқты жұмысқа шығуға мәжбүрлеген жоқпын»
Құрылтай депутаты Айдос Сарым әріптестерінің қанша жалақы алатынын айтты.
Оның сөзінше, депутаттардың айлығы еңбек өтіліне, мемлекеттік қызметтегі еңбек сіңірген жылдарына және ғылыми дәрежесінің болуына байланысты өзгереді. Сарымның мәліметінше, депутаттардың орташа жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін.
Еңбек өтілі аз, депутаттық қызметін енді бастағандардың айлығы төмен болады. Депутаттың өзі айына 1 миллион теңгеге жуық жалақы алатынын айтты.
«Осында отырып жұмыс істеп жүрмін, жетеді. Бақытжан сияқты әйелімді әлі жұмысқа шығарған жоқпын», - деп әзілдеді Айдос Сарым. Ол бұрынғы депутат Бақытжан Базарбекті меңзеді.