Қоғам

Айгүл Сайлыбаеваның ісінде күдікті деп танылған күйеуі Мәскеуде студенттерге сабақ беріп жүр

Ресейдегі Ұлттық зерттеу университеті – Жоғары экономика мектебіне (ЖЭМ) қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты іс бойынша басты күдікті саналатын ғылыми қызметкер Александр Донцовты жұмыстан шығару туралы шағым түсті.

Айгүл Сайлыбаева

БАҚ мәліметінше, ресейлік азамат Ұлттық зерттеу университеті – Жоғары экономика мектебінің (ЖЭМ) басшылығына және этика комиссиясына ресми өтініш жолдаған.

Өтініш авторы ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген адамның студенттермен жұмысын жалғастыруы орынсыз деп санайды. Шағымда университеттен Донцовтың оқу орнында қызметін жалғастырып жатқан-жатпағанын тексеру, жағдайға құқықтық және этикалық баға беру, сондай-ақ тергеу аяқталғанға дейін оны академиялық қызметтен шеттету мәселесін қарау сұралған. 

Еске салайық, 2024 жылы Германиядағы Эрлахе көлінің маңынан бұрынғы қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті табылған болатын. Қайтыс болған кезде әйел жүктіліктің 24-аптасында болған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, марқұмның денесінен көптеген пышақ жарақаттары анықталған. Іс бойынша негізгі күдіктілер ретінде оның енесі Наталья Донцова мен жұбайы Александр Донцов аталады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз