Азаматтық белсенді Марат Жыланбаев 40 күндік аштық жариялады
Сот үкімімен түрмеде отырған азаматтық белсенді Марат Жыланбаев 40 күндік аштық жариялады. Бұл туралы 16 қыркүйекте Азаттық радиосына оның адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады.
Оның айтуынша, Жыланбаев аштық акциясын 12 қыркүйекте бастаған.
Мен Марат Жыланбаевтан шықтым. Күні кеше ол заңсыз жеті жылға сотталғаны үшін 40 күндік аштық акциясын бастады. Қазір ол аштық жариялап жатыр. Әзірге денсаулығы жақсы, дейді адвокат 13 қыркүйекте жарияланған видеода.
Адвокаттың айтуынша, Марат Жыланбаев атом электр станциясының құрылысына қарсы өз ұстанымын білдірген. Бұған дейін Жыланбаев колонияда қысым жасалғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын.