спорт

Азия чемпионатында қазақстандық боксшы ширек финалда жеңіліп қалды

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасты.

1

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы жеңіліп қалды.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта таиландтық Сомчай Вонгсуанға қарсы ширек финалда қолғап түйістірді. Нәтижесінде таиландтық спортшы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір боксшымыз – Сәкен Бибосынов Өзбекстанның жас өкілі Асилбек Жалиловтан 2-3 есебімен жеңіліп қалған болатын..

Ал әлем чемпионы  Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының 1/4 финалында тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңді. Осылайша, ол кем дегенде Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленеді.

Тегтер: бокс
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз