Қоғам

Бағдат Мусин «Әділет» партиясына қосылғанын мәлімдеді

Қазақтелеком компаниясының басшысы Бағдат Мусин жаңа құрылып жатқан «Әділет» партиясының қатарына қосылғанын хабарлады.

Бағдат Мусин

Оның айтуынша, партия көтеріп отырған цифрландыру мен инновация бағыттары өзіне жақын.

Бағдат Мусин партияның бағдарламасы мен құжаттарымен танысқаннан кейін ұйым жұмысына қатысуға өтініш бергенін айтты.

«Партия әлі ресми тіркелген жоқ. Бірақ ол жаңа бастамалар ұсынып, қоғамға тың өзгерістер әкелуі мүмкін деп есептеймін», – деді ол.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз