Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:00, 30 Сәуір 2024

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Мусин
Фото: из открытых источников

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды.

Бағдат Мусин министрлікті 2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап басқарды. Бұған дейін шілдеден қыркүйекке дейін министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 

2020 жылдың наурыз-қыркүйегі аралығында Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болды.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұз қаласында дүниеге келген. Алматыдағы Демирел университетін компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету және техникалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Бұдан бөлек ол «ҰАТ» АҚ, Әділет министрлігі, Байланыс және ақпарат министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеген. 2014 жылдың сәуірінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ын басқарды, ал 2014 жылдың тамызында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болды. 2017 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды, 2018 жылы бұл қызметінен кетті. 

 2024 жылдың ақпанында үкімет отставкаға кеткеннен кейін Мусин цифрлық даму министрі болып қайта тағайындалған еді.