Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:28, 06 Мамыр 2024

Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды – БАҚ

Мусин
Фото: из открытых источников

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің экс- министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын үкіметтік ортадағы өз дереккөзіне сілтеме жасаған REPUBLIKA.KZ.media басылымы хабарлады.

"Қылмыстық іс бұрын қозғалған бірақ Tele-2-ні сату бойынша катарлық компаниямен мәмілені аяқтау үшін уақытша тоқтатып тұрған", - деп жазды басылым.

Басылым Мусиннің отставкаға кетуі және оған қатысты қылмыстық істердің қозғалуы жеке деректердің жаппай таралуына қатысы бар деген күдікпен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинге қатысты жаңа қылмыстық істің қозғалуымен байланысты деп болжайды. Ал жақында «Қазақтелеком» акционерлері Mobile Telecom-Service (Tele2/Altel брендтері) акциясының 100 пайызын Катарлық Power International Holding компаниясына сату туралы шешім қабылдаған болатын. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасары 2019-2022 жылдар аралығында қытайлық GitHub сервистеріне қазақстандықтардың жеке деректерінің жаппай таралуына қатысы бар деген күдікке ілінді. Дәл сол кезде ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінде киберкеңістіктегі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік еткен еді.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 2020 жылдың 2 қыркүйегі мен 2024 жылдың 30 сәуірі аралығында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды. Президент жарлығымен күтпеген жерден қызметінен босатылды. Мусин өзінің отставкаға кеткенін мәлімдеді.

КазТАГ басылымы да экс-министр үстінен қылмыстық іс қозғалған болуы мүмкін екенін жазды.

Құқық қорғау органдары әзірге тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.