Байбекті Сағынтаев марапаттады
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарыБауыржан БАЙБЕК Алматы қаласының құрметті азаматы атанды.
Бұл туралы «Жас АЛАШ»хабарлайды.
Алматының экс-әкімін қазіргі қала басшысы БақытжанСАҒЫНТАЕВ марапаттады. Осылайша Бауыржан Байбек шаһардың дамуына үлес қосқаныүшін «құрметті азамат» атағына ие болды. Бауыржан ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ Алматыны 2015 жылдың 9тамызынан бастап 2019 жылдың 28 маусымына дейін басқарды. Сол жылдары қаладақысқы универсиада өтті. Жол жиектері ақылы тұраққа айналып, қалада паркоматтарқаптады. Ресми ақпаратқа сенсек 600 көше мен 1600-ге жуық аула қайта жөндеуденөткен. Қоғамдық көліктің 80 пайызы жаңартылған.
Фото: tengrinews.kz