«Балаларын митингке алып баратындарды жауапқа тартуымыз керек»
Сенат депутаты, Қазақстандағы бала құқығын қорғау бойыншабұрынғы омбудсмен Сәуле АЙТБАЕВА кейбір отбасылардың рұқсат етілмеген митингкебалаларын қоса алып баруы оның құқығын бұзу деп санайтындығын айтып,алаңдаушылығын білдірді.
«Соңғы уақыттары еліміздіңбірқатар қалаларында болып жатқан митингтерге ересектермен бірге оң-солын таныпүлгермеген жасөспірімдерді қойып, балалардың да қатысатындығын көріп жүрміз.Күннің ыстығында, тіпті, кейде жаңбырға да қарамай үлкендердің олардың өзіменбірге алып жүріп, балаларының құқығын бұзып жүргенін түсінбейтін секілді.Митинг кезінде қоғамдық тұрақтылыққа нұқсан келуі салдарынан көптегенқұқықбұзушылықтар, күш қолдану, тіпті, жаппай тәртіпсіздіктер белең алып кетсе,мұның бала өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті екенін түсінетін кез жетті,-дейдіС. Айтбаева. Сенатор өзін алаңдатқан жайға қатысты ойын сыбайлас жемқорлыққақарсы күрес және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заң актілеріне түзетулеренгізу жайы талқыланған жиында айтты.
С. Айтбаеваның айтуынша, Қазақстан бала құқықтары туралыхалықаралық конвенцияны қабылдаған елдер қатарына жататындықтан, балалардыңқауіпсіздігімен қатар, алаңсыз білім алып, ертеңіне сенетін қажеттіліктер берікқалыптасуы тиіс.
«Баланың өз ата-анасыболсын, асырап алушысы болсын, мейлі, қамқоршысы болсын, митингтерге, қарсылықакцияларына алып баратын болса, заң талаптарына сай жауапқа тартып, әкімшілікшаралар қолдануды қарастыруымыз керек. Есесіне мемлекетімізде баланыңқызығушылығы қорғалып, оның еркін ойлануына мүмкіндік туады.»,-дейді Сәуле Айтбаева.
Фото: 7news.kz