Қоғам

«Балаңыз қатты дуаланған»: Алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды

Қазақстанда алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсіліне көшкен. Олар интернетте өзін емші, көріпкел немесе балгер ретінде таныстырып, ата-аналарға «балаңыз қатты дуаланған» деп сендіреді.

Емші

Полицияның мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланысқа шығады. Әңгіме барысында түрлі «белгілерді» айтып, баланың жағдайы күрделі екеніне адамды иландырады. Одан кейін «дуаны қайтару», «ем жүргізу» немесе арнайы заттар сатып алу үшін ақша талап етеді.

Құқық қорғау органдары алаяқтардың адамдардың қорқынышы мен алаңдаушылығын әдейі пайдаланатынын атап өтті.

Полиция тұрғындарға интернеттегі бейтаныс адамдардың түрлі «емдеу» және «көз тиюден арылту» туралы уәделеріне сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ таныс емес адамдардың есепшоттарына ақша аудармау, банк картасының деректері мен SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге бермеу қажет.

Күмәнді ақпаратқа тап болған жағдайда оны бірнеше дереккөз арқылы тексеріп, дүрбелеңге бой алдырмаған жөн. Егер алаяқтармен хат алмасу болған болса, жазбаларды өшірмей, ақша аударылғанын растайтын түбіртектерді сақтап қойған дұрыс.

Полиция осындай жағдайға тап болған азаматтарды дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Тегтер: Емші алаяқ
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз