Әлеумет

Балқашқа да ұшақ қатынайды

Қазақстандағы туристік орталықтарды жандандыру, инфрақұрылымдар салу бір басқа да, оған жетудің жөні бір басқа.

Балқашқа да ұшақ қатынайды
Мәселен, алыс­тағы Алакөлге бару үшін соншама уақыт жол жүріп баратынын естіген көпшілік жолдың қашықтығы мен сапасыздығын алға тартып, көп жағдайда бас тартатындарын айтатын. Бұдан былай Қазақстанның бірқатар туристік орталықтарына ұшақпен баруға мүмкіндік туып отыр. Еліміздің негізгі орталығы саналатын Астана мен Алматыдан бірнеше ішкі рейс Балқаш, Үшарал, Үржар қалаларына тікелей қатынайтын болады. Былтыр Алакөл көліндегі туризмді дамыту мақсатында Алматы облысы Алакөл ауданында жаңа әуежай ашылған еді. Бұл Қазақстандағы аудан орталығына салынған тұңғыш әуежай болатын. Мақсат түсінікті – еліңді көрем, жеріңді танимын деген қай туриске де жолдың жағдайын жасау. Көбіне Алматы мен Астананың маңайынан алысқа ұзамайтын келушілер енді жолды қиынсынбай, тағы екі қалаға еркін қатынайтын болып отыр.Қазақстанда туризмді дамы­тудың 2023 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасына сәйкес, туристік орталықтардағы инфра­құ­рылым­дарды жетілдіру, сервистік қыз­мет­терді жолға қою сияқты шаруалар қолға мықтап алынады деп жиі айтылып жүр. Әуе рейстерінің іске қосылуы да осы бастаманың бір жемісі.Еліміздің әр түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден келетін туристердің саны күрт өсетін жазғы демалыс маусымында «Южное небо» ґуе компаниясы Астана–Балқаш бағыты бойынша ұшақпен адам тасиды. Бұл бағыт бойынша алғашқы рейс 29 мамырға жоспарланып отыр. Билет бағасы – 9 мың теңге. Аталмыш компания Алматы–Балқаш бағытында да арнайы рейс ашып, билет бағасын 14 мың теңгеге бағалапты. «Южное небо» Астана–Үржар (19 500 теңге) және Алматы–Үржар (16 000 теңге) бағыттары бойынша қатынайтын болады. Ал «Жетісу» әуе компаниясы Алакөлге Астана–Үшарал (16 000 теңге) рейсін іске қоспақ. Сондай-ақ Scat ґуе компаниясы Алматы–Үшарал бағытында (9 мың теңге) тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды.Бұл әуе қатынасының үш бағыты да Алакөл мен Балқаш көлдеріне жақын орналасқанын ескерсек, аталған екі көлге шомылушылар санының артып келе жатқанын болжауға болады.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз