Live

Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Бауыржан Орынбасаров тағайындалды.

Бауыржан Орынбасаров

Бұл туралы «За нами уже выехали» Telegram-арнасы хабарлады.

«Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бауыржан Орынбасаров бұған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған. Сонымен қатар ол «ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы болып табылады. Ал 2026 жылдан бері Ақтау халықаралық теңіз сауда порты директорлар кеңесін басқарады.

Еске салайық, бұған дейін Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын.

Тегтер: ҚТЖ
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз