Сараптама

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беруге не кедергі?

Қазақ халқының алмағайып тарихындаосынау ұлан-ғайыр даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанбатыр перзенттері жетерлік.

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беруге  не кедергі?

Мың өліп, мың тірілген қазақпыз. Бүгінгімізбен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар, сол жолда өз тағдырын ел тағдырынанбиік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақбатырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалары азболмаған. 

Бізбатырлық туралы сөз қозғағанда, исі қазақ түгіл, өзге жұрттарға да үлгі болған БауыржанМомышұлының ерлігін айналып өте алмасымыз аян. Аты аңызға айналған батыр ерлігібір төбе болса, өнегелі өмірі мен ерлік туралы насихаттай отырып елдіктіжырлаған өлеңдері,  қанатты сөздерініңөзі бір төбе. Халық қаһарманы Қасым Қайсенов, Рейхстагқа алғаш болып ту тіккенХалық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев та көзі тірісінде Бауыржан Момышұлын«батырлардың батыры» санап, ерекше құрметтеп өткен. Тіпті сонау теңіздің аржағындағы Куба мен Израиль мемлекеттері де аты аңызға айналған батыр атамыздыерен ерлігіне бас иіп, өз әскерилеріне үлгі тұтқаны  айтылады.

 Батырлықтың, ақиқаттың символына айналған БауыржанМомышұлы атамызға әлі күнге дейін мемлекетіміздің ең жоғары құрметі – «Халыққаһарманы» атағы берілмеуі қоғамда көптеген адамдардың түсінбеушілігінтудыруда. Әрине, Б.Момышұлы халық арасында әлдеқашан мойындалған батыр екенірас. Бірақ та батырдың ресми түрде тәуелсіз елдің Халық қаһарманы ретінде мойындалмауыелдігімізге сын. Б.Момышұлының есімі Ұлы Отан соғысының батырлары  Р.Қошқарбаев, Қ.Қайсенов, Х.Доспанова, С.Нұрмағамбетов  сынды есімдермен бір қатарда тұруын қаларедік. Есімі Украина ормандарындааңызға айналған Қасым атамыз Баукеңді ерекше құрметтеп Махамбетке теңегенінайтады. Ал Рақымжан атамыздың «Рейхстагқа ту тіккен батыр» ретінде елге танымалболуына Баукеңнің еңбегі ұшан-теңіз екенінен хабардармыз. Қазақтың қос батыры,Қасым және Рақымжан ағаларымыздың Баукеңе деген құрметі ерекше еді. Демек,ерлігі аңызға айналған Бауыржан атамызды батырлардың батыры деуге толық негізбар.       Ерлік,рух, ұлттық намыс деген киелі ұғымдар өте тығыз байланысты. Ұлттық намыс болмаса, ұлт батырлары да болмайды. Қазақхалқында «Ерім деп іздейтін елі болмаса, елім деген ер қайдан шықсын» дегенқанатты сөз бар.  Батырға  тәуелсіздіктіңбасты марапаты – «Халық қаһарманы» атағы берілсе, ол болашақ ұрпақтың бойындағыпатриоттық сезімін оятуға, ерлік деген қасиетті ұғымды жас ұрпаққа насихаттауғаерекше үлес қосатыны айтпаса да түсінікті.  Өйткені мектептерде «Халыққаһарманы» иегерлері жайлы ашық сабақтар да өтеді. Олай болса, батыр атамыздыңесімі сол иегерлердің көшін бастап тұрса әбден дұрыс болар еді. Бұл мәселені  Президент Қ.Тоқаевтың назарына ұсынып, хат тажазған едім.

     Сол хаттан соңтелефон арқылы қорғаныс министрлігінің Дәурен есімді өкілі хабарласты. Сөзтөркіні Б.Момышұлы атамызды «Халық қаһарманы» мәртебесіне ұсынуға байланысты жазғансол хатыма байланысты екен. Министрлік өкілі «Халық қаһарманы» атануға ІІ дүниежүзіліксоғыста батыр атағын ала алмаған 130 адамның есімі кезекте тұрғанын жеткізді. Солқырғында ерлігі еленбей қалған батырларды «кезекке» тұрғызып қойып, өзкеуделеріне тағып жатқан бүгінгі атаққұмар жандардың ұсақ тірлігі есіме түсті. Қорғанысминистрлігі өкілінің айтуынша, Бауыржан атамыз Кеңес Одағының Батыры атағыналғандықтан, ол кісіге енді «Халық қаһарманы» атағы берілмейді екен. Себебі бірадамға екі бірдей атақ берілмейді-мыс. Шыны керек, сонда кеңестік атақ пентәуелсіздік алған азат елдің ең жоғарғы марапатының еш айырмасы болмағаны мадеген ойда қалдым.  

   Осы жердеарамызда ептеп дискуссия басталды деуге болады. Мен өз тарапымнан онда тұрғанештеңе жоқ екенін, біріншіден, Бауыржан атамызға ол атақ өзінің жанқиярлықерлігі арқасында берілгенін; екіншіден, сол атақтың екеуін де алған, КеңесОдағының Батыры және Халық қаһарманы иегері Т.Әубәкіров ағамыздың бар екенін,одан Тоқтар Оңғарбайұлының абыройы аспандамаса, төмендемегенін естеріне салдым.Қазір кеңестік жүйе келмеске кеткендіктен, Кеңес Одағының Батыры деп әспеттейалмаймыз ғой. Тәуелсіздік алған елдің өз батырларына деген айрықша жеке құрметіболуға тиіс шығар. Үшіншіден, біз «анау ананы алған, кезек  мынаныкі» деп, базарда атақ саудалап жатқанжоқпыз. Осыдан соң мына қалыппен кейбір жандар арзан атақ қуып жүрген қоғамда ар-ұятдеген қасиеттен мүлде жұрдай боламыз-ау деген ойлар мазалайды.

Сөз соңындаайтарым, халқының нағыз қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы есімі, оның ерлігі келмескекеткен кеңестік заманның атағымен ғана өлшеніп қалмай, оған тәуелсіздік алғантуған елінің ең жоғары марапаты – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, батыр атамызсол тізімнің көшін бастап тұрса деген ой еді. Мен өз ойымды айттым, кем-кетігіболса түсіністікпен қарарсыздар, кемшіліксіз тек Алла ғана.

Ерлан ШАЯХМЕТҰЛЫ,

Семей қаласы 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз