Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған сирек суреті табылды
Әлеуметтік желіде Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының бұрын көпшілік көрмеген фотосы жарияланды.
Фотосурет қолбасшының өмірі мен мұрасын насихаттауға арналған Instagram парақшасында жарияланған.
Жазба авторлары суретті тауып, жеткізгені үшін Бекжан Бектенбайға алғыс білдірді.
Әзірге фотосуреттің қашан, қай жерде және қандай жағдайда түсірілгені белгісіз. Сондай-ақ оның түпнұсқалығы мен табылу тарихы туралы қосымша мәлімет берілмеген.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.