Live

Байқоңырдан «Прогресс» жүк кемесі ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Прогресс МС-34» жүк кемесімен бірге ұшырылды.

1

Зымыран 26 сәуір күні Астана уақытымен сағат 03:21:47-де №31 алаңнан көкке көтерілді.

«Прогресс МС-34» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі штаттық схема бойынша екі тәуліктен кейін, 28 сәуірге жоспарланған.

Ұшу Халықаралық ғарыш станциясын қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Ресейлік жүк кемесі станцияға 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді. Оның ішінде:

– МКС орбитасын ұстап тұруға арналған 820 кг отын;
– «Родник» жүйесіне арналған 420 литр ауыз су;
– 50 кг оттегі;
– станцияны жаңғыртуға арналған жабдықтар;
– ғылыми тәжірибелер жүргізуге арналған құрылғылар бар.

Маңызды жүктердің бірі – ашық ғарышқа шығуға арналған ресейлік «Орлан-МКС» №8 скафандры.

Қазіргі уақытта Халықаралық ғарыш станциясында 74-экспедицияның халықаралық экипажы жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында:

– командир Сергей Кудь-Сверчков;
– бортинженерлер Сергей Микаев, Андрей Федяев (Ресей);
– Кристофер Уильямс, Джессика Мейр, Джек Хэтэуэй (АҚШ);
– Софи Адено (Франция).

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз