Live

Белгілі журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев өмірден өтті

Белгілі журналист, ақын, прозашы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жұмабек Табынбаев қайтыс болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмабек Табынбаев

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист, ақын, прозашы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, "Қазақстан Республикасының ақпарат саласының үздігі" атағының иегері Жұмабек Айдарбекұлы Табынбаевтың дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне және барша халыққа қайғыра көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Жұмабек Табынбаев еңбек жолын 1978 жылы бастаған. Әр жылдары өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарып, ақын әрі прозашы ретінде де танылды.

Оның ең танымал шығармаларының қатарында «Өмір – керуен», «Соғыс туралы шындық» және «Жарқын бейне жадымда» атты кітаптары бар.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз