Саясат

Берік Әбдіғалиұлы қайтадан әкім болды

Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданы әкімі болып Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ тағайындалды.

Берік Әбдіғалиұлы қайтадан әкім болды

Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды. 

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. Берік Әбдіғалиұлының кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары қолдаған. Бұған дейін Ұлытауды басқарған Әнуар ОМАРОВ өз еркімен қызметінен кетіпті.    

БерікӘбдіғалиұлы Ұлытау ауданын 2010 жылы басқарған болатын. 2010-2012 жылдары Жезқазғанқаласының әкімі болды. Сондай-ақ, Арқалық қаласын да басқарған. Әкім ретіндебіршама тәжірбиесі бар саясаткер 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасарыда болған еді. Қысқа мерзімде Серік АХМЕТОВТЫҢ орынбасары болды.

Фото: qazaquni.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз