Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:15, 19 Шілде 2024

Бейсембаевтың жаңа бұйрығы: Ұстаздар енді діни экстремизммен күреспек

в
Фото: ҚР Үкіметі

Ашық НҚА порталында оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бұйрығы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Аталған құжатта мұғалімдерге діни экстремизммен күресу міндеті артылатыны айтылған. 

«Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

«орта білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алуды жүзеге асырады;

білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлерге рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіреді», - делінген құжатта.

Бұйрыққа сәйкес, енді мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мектептерде діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Ал, оқушылар мен тәрбиеленушілерге рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру міндеті барлық пән мұғалімдеріне артылмақ.