Қоғам

Биыл оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр

ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуы туралы айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

у

Министр Ғани Бейсембаевтың мәліметінше, оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныптарда 374 мың бала, негізгі мектептерде 341 мың оқушы және 186 мың түлек бар.

7 704 оқушы «Алтын белгі» белгісіне үміткер. Биыл 5-8, 10 сыныптарда алғаш рет қазақ тіліне қатысты аралық емтихандар өткізіледі. Су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3 581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Қорытынды баға жылдық белгілер негізінде қойылады. ТЖ аясында қашықтан оқытылған 2 622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылады. Оқу жылын «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарлануда. 25 мамырда мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты іс-шара өткізілмек, деді министр.

Ал, 9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамырдан 11 маусымға дейін өткізіледі. Аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі 12-15 маусымға белгіленген.

Фото: ҚР Үкіметі

Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз