Саясат

Билікке қолы тиген аудан әкімі інісін бастық етіп сайлады

Қазіргі шенеуніктердің "қолыңнан келсе қонышынан бас " деген мәтелге сай жұмыс жасайтыны жасырын емес.

Билікке қолы тиген аудан әкімі інісін бастық етіп сайлады

Бір дөкей билікке тағайындала қалса болды «ым — жымы» бір командасын қасына жинап алуға тырысады. 

Ұлытау ауданындағы жыл басындағы ауыс-түйістер жұртты бір елең еткізді. Ұлытаудың бұрынғы әкімі Берік Әбдіғалиұлының 10 қаңтардағы сайлаудан кейін айы оңынан туып мәжіліс депутаты болып кетті. Аудан басшылығына әкім орынбасары болып жүрген Мақсұт Оспановты әкімнің міндетін атқарушы етіп тағайындаған. Ол лауазымға қол жеткізген бойда 20 қаңтарда туған інісі Мұхтар Оспановты жер қатынастар бөлімінің бастығы етіп қойған. Мұндай лауазымды жұмысқа туыс-туғанын тағайындау заңға қарама қайшы келетіні анық. Бұл оқиға әлеуметтік желіге таралып, қызу талқыға түскен соң құзырлы орындар тарапынан тексеріс жасалған.

Бүгінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Мақсұт Оспановтың інісі қайтадан орнынан алынды.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты кешіктіріп мәлімде жасады. 

«15.01.2021 жылы жер қатынастар бөлімінің бұрынғы бастығы А.Б Мырзабековті Ұлытау ауданы маслихатының хатшысы етіп сайлаған соң бұл лауазымға Мұхтар Оспановты тағайындауға шешім қабылданған. Оспанов осы бөлімнің сектор меңгерушісі болған әрі оның осы салада тәжірбиелі маманы екені ескеріліп лауазым берілген. Алайда бұл тағайындау ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы заңның 14 ші бабына қарама-қайшы келгендіктен Мұхтар Оспанов тағайындалған лауазымынан босатылды»,- деп мәлімдеді Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

Тегтер: Без Тега
Арайлым Еркебаева
Арайлым Еркебаева Арайлым Еркебаева

Оқыңыз