Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:05, 28 Қараша 2023

Билікті сынап 5 жылға сотталған блогер Данат Намазбаев түрмеден хат жолдады

билік
Фото: из открытых источников

Хатта блогер халықтан отбасына көмектесуін сұрап, өтініш білдірген, деп жазады Zhasalash.kz.

«Құрметті достар, мен қалаған нәрсе орындалмады. Белгілі бір жағдайларға байланысты мені босатпады. Шартты түрде босатуды күтіп, аппеляциялық шағым түсіремін. Уақытымды барынша пайдалы етіп өткізіп жатырмын: оқимын, ойланамын, жазамын, дүниені сағынып жүрмін. Бірақ бәрі өтеді де кетеді. Ең бастысы «өзіңді» жоғалтпау, сол есіммен, абыроймен қалу. Тіпті зынданда да біз өсуді және дамуды жалғастырамыз. Абай болыңыздар! Қолдарыңыздар келгенше менің отбасыма көмектесулеріңізді сұраймын. Мен мұны ұмытпаймын. Каспи: 87777307636 - Алия Н.» – делінген хатта.



Данат Намазбаев 2022 жылдың 14 наурызында «билікті басып алуға шақыру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды.
2023 жылдың сәуірінде Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бапи мен Абзал Құспан белсендіні босатуды сұрап, оның жәй ғана сепаратистерден ұлттық мүдделерді қорғауға тырысқанын алға тартқан еді.