Саясат

Бір миллионға жуық мүшесі бар «Нұр Отан» туын неге қорғамады?

Нұр-Отанпартиясының белсенді мүшелерін біріктіру керек. Билік партиясының төрағасы,экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ осындай пікірде.

Бір миллионға жуық мүшесі бар «Нұр Отан» туын неге қорғамады?

Бүгін партияныңсаяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Біз ел дамуыныңнегізгі бағыттары бойынша біраз мәселе жөнінде сөз көтеретін боламыз. Сол үшінсаяси кеңестің кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз» деп сөзін бастады.

Сондай-ақ,Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ бір миллионға жуық «Нұр Отан» мүшелері арасынан нағызпатриоттарға іздеу салғандай болды.

«Бүгінде «Нұр Отан» партияның белсенді мүшелерін барынша біріктіруі тиіс. Біздіңпартияда 800 мың адам бар, олардың қайсысы белсенді? Шымкент қаласында партияжалауын оның орталық ғимаратының жанында жұлып алмақшы болды. Бір адам да үнқатқан жоқ. Бірі тыныш отырды. Партия сол кезде қайда болды? Біз билік партиясы емеспіз бе!», - деді Назарбаев.

2019 жылдың 27маусым күні Шымкент қаласында Арыс халқы наразылық шеруіне шыққан болатын.Жарылыс болған қала халқы Шымкент және Түркістан облысының басқа жерлерінен үйберуді талап етті. Олар «үнемі жарылыс болатын қалаға» қайта барғымыз келмейдідеп жергілікті билік өкілдеріне талаптарын қойған.

Наразы халықШымкенттегі «Нұр Отан» партиясының филиалыны да барып өз өтініш, тілектерінайтпақ болып барған. Алайда, көпшілік алдына ешкім шықпады. Ішке кірмек болғанхалықтың алды полиция бөгеген. Сол кезде шымкенттік Ниязбек Ерлан есімді азаматпартияның туын жұлып алып тастамақ болған еді.

Фото: liter.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз