Саясат

Бір премьер екі президентке есеп берді

Қазақстан премьер-министріАсқар МАМИН жарты ай ішінде екі президентке есеп берді.

Бір премьер екі президентке есеп берді

Бүгін, 19-тамыз күніоны экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қабылдаса, дәл 13 күн бұрын президентҚасым-Жомарт ТОҚАЕВ қабылдаған.

Екі кездесуде де ұқсасмәселелер сөз болған. Akorda.kzсайты кездесу барысында «МемлекетбасшысынаАрысқаласындағықайтақалпынакелтіружұмыстарыныңбарысыжәнеТүркістандағыжаңаинфрақұрылымнысандарыныңқұрылысыжөніндебаяндалды», деп жазса, Elbasy.kzсайты «Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпынакелтіру үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқаншараларға ерекше назар аударды», деп хабарлады.

Бұдан арғы айтылғанмәселелер де бір-бірінен алыс кете қоймайды. Премьер Мамин президент Тоқаевқа «шетелинвестицияларының ағымдағы көрсеткіштері» жайлы есеп берсе, экс-президентНазарбаевқа «кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және елөңірлерінің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелерін» талқылаған. Сондай-ақ,екі кездесуде де еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру/еліміздіңәлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды.

Бұдан бөлек, Еуразиялықэкономикалық одақ аясында ықпалдастықты дамыту, 2020 жылы Көкшетау қаласындаөтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық(Тоқаевпен); «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық дамубағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету(Назарбаевпен) мәселелерін әңгімелеген.

Дегенмен, екіпрезидентке берген есебінде ерекшелік мүлде жоқ деуге болмайды. Тоқаев кездесусоңында Маминге «бірқатар нақты тапсырма берсе», Назарбаев «Үкімет пен «NurOtan» партиясының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын» айтып қана шығарыпсалыпты. Соған қарағанда, Мамин Тоқаевтан тапсырма алып, Назарбаевпен ақылдасыпқана қайтқан сияқты...

Коллаж: Жас Алаш

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз