Қоғам

Біркүндік фирмалар арқылы бюджеттен қолма-қол ақша алынып жатыр - ҚР Қаржы министрлігі

Біркүндік фирмалар арқылы алынған қаражат көбінесе бюджеттен шығады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Елиманов осындай мәлімдеме жасады: — Бұл капиталды шетелге заңсыз алып шығу схемаларының бірі болып табылады.

Біркүндік фирмалар арқылы бюджеттен қолма-қол ақша алынып жатыр - ҚР Қаржы министрлігі

Сараптама жасау арқылы қылмыстық жолмен ақшаны заңдастыруға қатысқан 60-тан астам әлеуетті қылмыстық топтар анықталды», — деді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Оның айтуынша, осы мақсатта қылмыстық топтар қаржылық айналымы 2 трлн теңгеден асқан 1,2 мыңнан астам бақылаудағы компания құрған.

Барлық жағдайлар бойынша қылмыстық іс қозғалды, 98 адам күдікті деп танылды, олардың 28-і қамауға алынса, тағы 29-ы үй қамауына алынды. Нәтижесінде, жалған шот-фактуралардың көшірмесімен байланысты фактілердің саны екі есеге артты.

Сондай-ақ,  бүгінде Экономикалық тергеу қызметі 1394 қылмыстық іс қозғап, оның жартысынан көбі ауыр және ерекше ауыр істер екендігі анықталып отыр.

Өтелген шығын мөлшері 20%-ке өсіп, 33 млрд теңгені құрап отыр. Барған сайын біз экономикалық қылмыстың ұйымдасқан түрлерімен бетпе-бет келеміз. Тек оы жылдың алғашқы сегіз айында ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелеріне қатысты 44 қылмыстық іс қозғалды. Бұл соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Без Тега
Еркежан Арын
Еркежан Арын Еркежан Арын

Оқыңыз