Саясат

Біртанов: Қазақстандықтар ауруханаға жатуға құмар

Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВқазақстандықтардың жөн-жосықсыз ауруханаға жатуға құмар екенін айтады.

Біртанов: Қазақстандықтар ауруханаға жатуға құмар

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтесөйлеген сөзінде министр көп жағдайда үйде жатып емделуге болатынемделушілердің ауруханада жатып алуы өзге ауыр жағдайдағы науқастарға кедергікелтіреді.

«Елімізде өзге елдермен салыстырғанда аурухана қызметінтұтыну әлдеқайда артық. Яғни, адамдар жиі-жиі және өте көп уақыт ауруханадажатады. Өкінішке орай бұлардың көбі дәрі қабылдау арқылы үйде емдеуге, күндізгістационарға, дәрігерге келіп, ем-домын алып кетуге болатын жағдайлар, — дейдіминистр.

Ол тәулік бойы дәрігердің бақылауында болуға тиіснауқастарға орын жетпей жататынын да осы жағдаймен түсіндіреді. Бұлай болуыныңсебебі еліміздегі госпитализация бойынша талаптардың аздығы, бағалардыңарзандығы. Өзге елдер ауруханаға жатуға сұранысты азайту үшін бағаны көтеріптастағанын айтады министр.

Фото: zhasalash.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз