Бишімбаевтың «зауыты» келесі жылы ашылады
Қызылордадағы шыны шығаратын зауыттың құрылысы бес жылданбері әлі біткен жоқ. Үзіліп-созылып жүріп жатқан құрылыс кезінде талай адамжемқорлықпен сотталды.
Содан бері Қызылорданың облыс әкімі, тіптіеліміздің президенті де ауысып кетті. Алжаңа президент пен жаңа әкім ТМД-дағы теңдесі жоқ деп есептеген жобаны іскеқоса ала ма?
Алдымен зауыттың құрылысындағы том-том болатындайтарихына көз жүгіртсек. 2014 жылы әкімҚырымбек КӨШЕРБАЕВТЫҢ кезінде зауыттың іргетасы қаланды. Ал жоба енді іскеқосылады дегенде «Бәйтерек» холдингінбасқарған Қуандық БИШІМБАЕВ зауыт құрылысынан 1 миллиард теңге жымқырды депқасындағы бірнеше адаммен сотты болып, Бишімбаев 10 жылға абақтыға жабылды.Дегенмен ол бір жарым жылдай ғана түрмеде отырып босап шықты. Бірақ жергіліктішенділер халыққа сонда да әне-міне құрылыс бітеді деп есеп беріп жүрді. Сөйтіпжүргенде зауыттың 70 пайыз акциясын қытайлықтар сатып алды. Алайда құрылыс әліжүріп жатыр.
Бір жылдары сол кездегі облыс басшысы Қырымбек ЕЛЕУҰЛЫНЫҢ«Baikonur Invest Forum» инвестициялықфорумында зауыттың 2017 жылы іске қосылатынын кесіп айтқаны ел есінде.
Енді тапсырыс беруші «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің басқарматөрағасы Ержан САҒЫНБАЕВ енді зауыт 2020 жылдың жазында толық іске қосылады дептағы бір уәде беріп отыр. Айтуларынша, зауытжылына 197,1 мың тонна шыны өндіретін болады.
«Қазіргітаңда құрылыс жұмыстарына 11 мердігеркомпаниядан 219 жұмысшы кірісті. Құрылыс заттарының басым бөлігі жергіліктіжерден алынып жатыр. Жұмысшыларға да бар жағдай жасалған. Зауыт толық іскеқосылғанда 160 адам жұмыспен қамтылады.Сонымен қатар, шыны зауытының құрылысынабас мердігер ретінде Чайн Триумф Интернешнл Инжиниринг қытайлық трансұлттықкомпаниясы тартылды. Биылғы жылдың 4 желтоқсанында серіктестік өкілдерінің«StewartEngineers» вице-президенті Волтером Дениэлмен кездесуі өтті.Нәтижесінде, екі тарап ортақ шешімге келді»,- деді Ержан ЮБИЛЕРҰЛЫ.
Айтпақшы, өткен айда облыс әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВ экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ туған күніне орай ашылатынын мәлімдеген.
Фотоларды авторұсынды.