Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:10, 22 Ақпан 2024

"Бишімбаев кінәсін мойындамайды" – адвокат

Бишімбаев
Фото: из открытых источников

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Кусаинова Бишімбаевтың кінәсін мойындамайтынын айтып,  "жазатайым оқиға болды" деп отыр.

Бишімбаевтың қорғаушысының айтуынша, Салтанаттың денесінде ауыр жарақат іздері болмаған.

«Қуандық Бишімбаев кісі өліміне қатысты кінәсін мойындамай отыр. Әлі күнге дейін болған нәрсеге сене алмай отыр. Әлі күнге дейін Салтанатты жақсы көреді және ол туралы тек жақсы пікірде. Қайрат Нүкенов (Салтанат Нүкенованың ағасы) айтқандай, жәбірленуішінің денесінде ауыр жарақаттар болған жоқ. Басының қаңқасы сау болды, ол миына қан құйылып қайтыс болған», – дейді адвокат Назкен Кусаинова.

Оның сөзінше, адвокат Салтанат Нүкенова басындағы гематомалардың кесірінен қайтыс болған.

«Салтанаттың созылмалы субдуральды гематомасы болған. Ол осы себепті қайтыс болған. Кешіріңіздер, біздің қорқауымыздағы Қуандық Бишімбаев Салтанаттың басында гематома пайда болғанын білмеген. Олар сөйлесіп, күні бойы бірге жүрген. Иә, екеуара келіспей қалған шығар. Төбелес болмаған. Ол (Қуандық Бишімбаев) мұны қайғылы жағдай деп Салтанаттың өліміне әлі күнге дейін сене алмай отыр. Ол әлі күнге дейін қайғырып, жылап отыр. Өз-өзіне келе алмай жатыр. Отбасында осындай жағдай болғанына сене алмай отыр», - дейді адвокат Назкен Кусаинова.

Бұл туралы Бишімбаевтың адвокаты Elmedia youtube арнасына берген сұхбатында айтты.