11:47, 02 Мамыр 2024
Бишімбаев ісі: Байжановқа тағылған айыптың бірі алынып тасталды
Астанада Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Онда, судья Байжановқа тағылған айыптың бірін алып тастады.
Бұған дейін Прокурор Байжановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабын (қылмыс туралы хабарламау) алып тастап, оған қатысты қылмыстық істі тек ҚК 432-бабы бойынша қарауды сұраған болатын.(аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу).
Бүгінгі сот отырысында, айыптаушы тараптың өтінішімен Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша (қылмыс туралы хабарламау) Байжановқа тағылған айыпты алып тастау туралы прокурордың өтініші қанағаттандырылғаны айтылды.
Фото: Жоғары сот