Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:54, 21 Қараша 2023

Бишімбаев ісі қоғамдық санаға қалай әсер етті

Бишімбаев
Фото: из открытых источников

Аталған қылмыстық іс шеңберіндегі оқиғалардан неліктен халық шоқ алып, қоғамда резонанс туады? Оған қандай факторлар әсер етеді.

Жалпы қоғамда белгілі бір тақырып, оқиға немесе проблема қоғамдағы кең талқылау мен белсенді реакциялардың тақырыбына айналып, қоғамда резонанс туады. 

Күні кеше ғана экс-министрдің әйеліне жасаған қылмыстық іс қоғамда қызу талқыланып, адамдарды екіжақты пікірге бөлді. Сондай-ақ адамдардың әлеуметтік, саяси реакцияларын белсендіріп, толқу орын алды. Бірі Бишімбаевтің бұндай қылмыс жасауына өзге тарап кінәлі десе, басқалары тікелей депутаттың жеке басын кінәлады. Бұл оқиғаның бірден резонанс тудыруына тікелей желі мен БАҚ әсер етті. Себебі ақпараттың еселене түсуі, олардың расталғаны, оқиғаның әдеттен тыс орын алуы секілді деректер желдей есіп кетті. 

Әлеуметтанулық зерттеулерге сүйенсек, қоғамда көбінесе резонанс адамдардың жай-күйіне, назарына, ақпаратқа қажеттілік, жаңалықтарға мән беру, психологиялық механизмдер секілді факторлардың әсерінен туады. 

Бишімбаев ісіне қатысты адамдар әлеуметтік желі беттерінде қорқыныш, ашу, жанашырлық секілді эмоцияларын көрсетіп, түрлі пікір қалдырды. Аталған оқиға адамдардың эмоциясына әсер етіп, бірден жігерлі жауап беруге ықпал етті. 

Екіншіден, адамдардың назар аударуы үшін экс-депутаттың бұрынғы қызметі, білімі, сырт келбеті секілді оқиғаға тартатын себеп те тікелей әсер етті. Сондықтан дүйім жұрт табиғи түрде назар аударды. 

Әлеуметтік медиа мен платформалар негізінде бұл ақпарат тез таралды, әрі барлық адам үшін қолжетімді болды. Қыз-келіншектер әлеуметтік нормаға сай істерден бас тартуға, әрі теңсіздіктің орын алмауы үшін өз құқықтарын қорғау үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы Петицияға 150 мыңға жуық қазақстандық қол қойды. Бұл тікелей құқық қорғау органдарына үндеу мақсатында желіде жедел таралды. 

Әрдайым зорлық-зомбылыққа көз жұмып, айналып өтіп кетудің салдарынан осындай қорқынышты оқиғалардың орын алуы адамдардың психологиялық механизмдеріне әсер етіп, ерекше қарауға белсендірді.