Live

БҚО шекарасы маңындағы дрондар: Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігі бұзылмағанын мәлімдеді

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысы аспанында белгісіз дрондардың пайда болғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, аталған аумақта елдің әуе кеңістігін бұзу дерегі тіркелмеген.

Дрон

Бұған дейін БАҚ-та куәгерлердің «Сырым» шекаралық өткізу бекеті мен жергілікті шекара заставасы маңында қатарынан екінші түн белгісіз дрондарды көргені туралы шағымдары жарияланған еді.

Куәгерлердің айтуынша, Ресейдің Самара облысы жағынан шамамен он шақты дрон ұшып келген.

ҚР Қорғаныс министрлігі алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

«Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. Азаматтарды сабыр сақтауға, расталмаған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.

Ведомство Қазақстанның әуе кеңістігін бұзу фактілері тіркелмегенін атап өтті.

Айта кетейік, елдің батыс өңірлерінде дрондардың құлауы алғаш рет болып отырған жоқ.

2025 жылдың көктемінде БАҚ осындай бірнеше оқиға туралы жазған болатын. Сол жылдың наурыз айында облыс аумағында құлаған дрон табылған.

Бір аптадан кейін жағдай қайта қайталанып, 2025 жылғы 25-26 наурызда өңірден тағы бірнеше осындай ұшу аппараты табылғаны хабарланған.

Ол кезде де билік арнайы қызметтерді тартып, дрон қалдықтарын зерттеп, олардың бағыттан не себепті ауытқығанын анықтауға кіріскен еді.

Тегтер: БҚО дрон
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз