Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар тағы үш алтын және бір күміс иеленді
Будвада (Черногория) өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында еліміздің жастар құрамасы тағы үш алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
Елянұр Тұрғанова финалда 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, IBA бейтарап спортшылары командасының атынан шыққан ирландиялық Карла Пикті жеңді. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді (5:0).
Ұлдана Таубай 66 келі салмақта шешуші белдесуде ирландиялық Кайла Дойл Берннен (0:5) жеңілді.
71 келіге дейінгі салмақта жекпе-жек өткізген Өнер Сейілхан ресейлік Алексей Гуковты (5:0) жеңді.
Бексұлтан Боранбек 51 келіге дейінгі салмақта финалда колумбиялық Джастин Мореноны бірауыздан (5:0) жеңді.
Бұдан бөлек, Төрехан Сабырхан (67 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (75 келіге дейін) және Аружан Зейноллаева да (81 келіге дейін) финалда жеңіске жетті.