Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:33, 26 Сәуір 2024

Келесі жылы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирі өтпейді

м
Фото: из открытых источников

Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты келесі жылы өтуі тиіс «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирі 2026 жылға ауыстырылады.

Туризм және спорт министрлігі президенттің су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырғанын хабарлады.

Биыл күзде ұйымдастырылатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп мәлімдеді министрлік.

Айта кетейік, биылғы ақпанда Президент Татарстанның Қазан қаласында өткен «Болашақтың ойындары» бәсекесінің ашылу салтанатына қатысып, келесі жылғы мультиспорт турнирі Қазақстанда өтетінін мәлімдеген еді.

Ойындар цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал бағдарлама бойынша өтті. Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түсті. Жалпы бұл турнирде еліміздің 48 өкілі бақ сынаған.

Фото: "Игры будущего" сайты

Тегтер: