Қоғам

Болашақ стипендиясы иегерлерінің есімі белгілі болды

172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Болашақ стипендиясы иегерлерінің есімі белгілі болды

«Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8-і докторантурада, 26 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберіледі», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. 

2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт кезең бойынша жүзеге асырылады. Төртінші кезең 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтініштер 13 қазанға дейін қабылданады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз