Қоғам

«Бортта 13 адам болған»: Павлодар облысында ТЖМ тікұшағы апатты жағдайда қонды

Павлодар облысында «Қазавиақұтқару» әуе компаниясына тиесілі Ми-8 тікұшағы қатты қонуға мәжбүр болды.

Krivosheyev

Оқиға 24 маусым күні Заря ауылы маңында іздестіру-құтқару тапсырмасын орындау кезінде болған. Тікұшақ бортында 13 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі мен 8 жолаушы болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Оқиғаның мән-жайын Көлік министрлігіне қарасты Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті анықтауда.

Айта кетейік, тікұшақ Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамындағы «Қазавиақұтқару» мекемесіне тиесілі. Бұл құрылым санитарлық авиация және іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз